Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Qaz365.kz редакциясы

Ресей Президенті елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.