Шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарлануда
Президент ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік ведомстволар басшылары Ресейдегі жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.
Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.