Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында рубль бағамы күрт төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

Ресейдегі жағдайға байланысты

Ашық дереккөздерден

Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,3- 5,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 4,2 -5,15 теңге аралығында құбылып тұр.

23 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 5,31 теңге болған.

ҚР Ұлттық банкі белгілеген Ресей рублінің ресми бағамы 5,32 теңгені құрайды.