Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден ана мен бала құтқарылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда

Ашық дереккөздерден

Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден ана мен бала құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12.43-те «112» пультіне Павлов көшесінде бес қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама  түскен.

«Шақыруға 18 қызметкер, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицинасы орталығы, 5  техника шықты. Өрт сөндірушілер дереу барлау жұмыстарын жүргізді. Екі бөлмелі пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны белгілі болды», – деді департаменттен. 

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 1988 жылы туған ана мен 2020 жылы туған баланы құтқарды. Оларды 103 қызметі тексергеннен кейін қалалық ауруханаға жіберілді. Ысты газбен улануы мүмкін деген күдік расталмаған соң екеуі де үйіне шығарылды. 

Тілсіз жау сағат 12.59-да сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.