Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде бір отбасын оққа ұшырған сарбаз жеті жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Айыпталушының жақындары сот үкіміне келіспеді

Азаттық радиосы

Алматы гарнизонының әскери соты "билік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімнің қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жылға бостандығынан айырды. Оны сот залында қамауға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Былтыр 8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай Оразхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғына ұшқан. Оқ тиген көліктің сау тамтығы қалмаған. Оқ бірнеше қарудан атылған деген күдіктер айтылған.

Сот кезінде жауынгер Данияр Егембаев Нұрболат Сейітқұлов пен оның қызы Нұрай Оразханның өліміне кінәлі саналып, айыпталушыға айналған. Алтынай Етаеваның қазасы жеке қарастырылатын болған.

Егембаевтың жақындары сот үкіміне келіспеді және сот процесін түсірген Азаттық тілшісі мен өзге журналистердің камерасын жауып, қоқан-лоқы көрсетті.