Ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады

Qaz365.kz редакциясы

Ол 35 жаста еді

env-0252218.jcloud.kz

Белгілі ауыр атлет, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Владимир Седов 35 жасында өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда қазіргі Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласында дүниеге келген. Үлкен ағасы Сергей Седов ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Біраз чемпиондарды тәрбиелеген.

Владимир Седов 2009 жылы әлем чемпионы атанған еді. Бірақ кейіннен допингке байланысты атағынан айырылған еді. 

Тыйым салынған заттар Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың допинг-сынамасынан табылған. Халықаралық Олимпиада комитеті Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен бірігіп ұйымдастырған қайта тексеріс барысында Седовтың «А» сынамасында станозолол шықты.

Ол – Қазақстандағы осымен өз-өзіне қол жұмсап отырған екінші ауыр атлет. Бұған дейін 2021 жылы Альберт Линдер 25 жасында өмірімен қоштасқан.