Алматыда сот бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкімді жойды

Qaz365.kz редакциясы

Жұрт тым жеңіл жаза берілгеніне наразылық білдірген болатын

tengrinews.kz

Алматыда сот бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкімді жойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысының шешімі бойынша Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралатын болады. Іс қайта қарауға жіберілді.

Белгілі заңгер Айман Асанованы өлтірген бұрынғы күйеуі Нұртаев 1,5 жылға сотталған болатын.

Ол марқұмға 18 рет пышақ сұққан.

Сот үкімі қоғамдық резонанс тудырған еді. Жұрт тым жеңіл жаза берілгеніне наразы болды.