Көлдің көлемі 6 гектарға жуықтап қалған
Атырау облысында күтпеген жерден “Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі” арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАпарат-қа сілтеме жасап.
Көл Атыраудан 30 шақырым жерде – Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда “Базис Констракшн” АҚ “Су дайындау” жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – “Karabatan Utilities Solution” ЖШС.
“Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады”, – деп хабарлады облыстың экология департаменті.
Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды.
Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.