Сенат Жоғарғы Соттың бес жаңа судьясын сайлады

Qaz365.kz редакциясы

Сенатқа еліміздің әр өңірінен барлығы 10 судья ұсынылды

ud.gov.kz

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың 5 судьясы сайланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенатқа еліміздің әр өңірінен барлығы 10 судья ұсынылды. Осылайша, Жоғарғы Соттағы бір орынға бірден екі үміткер таласқа түсті. Сенаторлар келесі судьялардың кандидатурасын қолдады:

  • Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы;
  • Әлжанов Ғабит Өмірханұлы;
  • Исамберлиева Гүлмира Ғазизқызы;
  • Құрманғалиев Нұрлан Қаскенұлы;
  • Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы.

Сайлаудан кейін Жоғарғы Соттың судьялары ант қабылдады.