Сенат заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заң жобасын мақұлдады

Qaz365.kz редакциясы

Cенат заң жобасына ешқандай түзету енгізбеген

Halyq Uni

 Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң жобасының негізгі мақсаты – заңсыз иемденген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру.

Заң жобасын таныстырған сенат депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Андрей Лукин заң жобасына еш өзгеріс енгізілмегенін айтты.

"Заңды сенат депутаттары ешқандай толықтыру және өзгеріссіз қабылдады", – деді депутат.

Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд теңге актив қайтарылғанын хабарлаған. Қай елден және кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашық жарияланбаған.