Мемлекеттік кәсіпорынның директоры мен бас есепшісі 162 миллион теңге қаржы жымқырған

Qaz365.kz редакциясы

Сот үкімі шықты

24.kz

 

Теректі аудандық сотымен «Теректі-таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісім Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды”, – делінген хабарламада.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.