Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Ол тоғыз дүркін КСРО, үш дүркін Еуропа чемпионы

Turkistan.kz

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов қайтыс болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

“Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы 78 жаста еді”, – делінген хабарламада.

Әлжан Мүсірбекұлы – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.