Ол 10 жылға сотталған болатын
Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды», – деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.
Айта кетейік, ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.
Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялаған.
27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.