Семейдегі орман өрті. Екі басшы қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда

Коллаж Qaz365.kz

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеу бойынша бірқатар мәліметті жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz
Құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, тергеу барысында «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).
Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар.
Сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.

 Qaz365kz - арнаға жазылыңыз!