Меккеде Қазақстан қажылық компанияларының жетекшілері бейнеүндеу жасады

Qaz365.kz редакциясы

Олар Данияр Илиевті сотқа беретінін айтады

Меккеде Қазақстан қажылық компанияларының жетекшілері бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Турфирма өкілдері қажыларды заңсыз жолмен Сауд Арабиясына апарған «Zam-Zam Qazaqstan» (заңды атауы – «Zam Zam store») компаниясының басшысы Данияр Илиевтің сөзі шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

18 қажылық компаниясының жетекшілері қазақ еліне жолдаған бейнеүндеуінде Данияр Илиевті сотқа беретінін және оның қажылық сапарын ұйымдастыруға ешқандай қабілеті жоқ екенін атап өтті.

Толығырақ назарларыңызға ұсынылып отырған бейнематериалдан көре аласыздар.

ВИДЕО: t.me/qaz365kz