Заңгердің айтуынша, ол кешеден бері табылмай жатыр
Заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, із суытқан Нұрасыл кешеден бері табылмай жатыр.
«BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар», - деп жазды заңгер.
Ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын хабарлаған еді.