Көліктен мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды
Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ЖБО кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлаған. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.
Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.
Қазір ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.