Бас прокуратура оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр
"ӨКМ Операторы" бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатқаны айтылды.