Ертең Қазақстан-Қытай шекарасында автобекеттер жабылады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

baq.kz

6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qaz365.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесіне байланысты 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген ресми мәлімдемеде.