Ресейдегі зауыттардың бірінде болған жарылыстан алты адам көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Тағы екі адам ауыр жарақат алған

apa.az

Ресейдің Самара облысындағы «Промсинтез» зауытында жарылыс кезінде алты адам қаза тапты. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Чапаевск қаласындағы «Промсинтез» зауытында қондырғыларды бөлшектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болған.

«8 адам зардап шекті. Олардың алтауы көз жұмды», - дейді құтқарушылар.