Өткен жылы елімізде 92 мектеп пен 35 емхана пайдалануға берілген

Qaz365.kz редакциясы

Пайдалануға берілген мектептерде оқушылардың орын саны 20,5 мыңға көбейген

Ашық дереккөздерден

2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2% болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық статистикалық бюроға сілтеме жасап.

2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 6 304,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға ұлғайды.

Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік мекемелер – 0,3% орындады.

Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлем құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі – 87,2%, күрделі жөндеуге – 6,1%, ағымдағы жөндеуге – 6,7%.

Объекті түрлері бойынша 2022 жылы ең көп үлес ғимараттарды салу бойынша орындалған жұмыста – 43,2%, тұрғын емес ғимараттарды салу – 37,3% және тұрғын ғимараттарды салу бойынша – 19,5%.

Ақшалай мәндегі ең үлкен көлем ғимарат құрылысы бойынша байқалды – 2 724,1 млрд теңге, ал ең жоғары өсім тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша – 2021 жылмен салыстырғанда 13,7%.

2022 жылы 40 368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 15,7 млн шаршы метр, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4% аз.

Былтыр пайдалануға жалпы білім беретін 92 мектеп, мектепке дейінгі 98 ұйым, амбулаториялық 35 емхана, 3 аурухана берілді.

Осы ретте 2021 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген мектептерде оқушылардың орын саны 20,5 мыңға көбейген.