Павлодарда сауда үйінің опырылған шатыры бекітілмеген болып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Бекітуге үлгермепті

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Шатыры желге шыдас бермей, опырылып түскен "Артур-1" сауда үйінің басшылығы төтенше жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Малайсары батыр көшесінде орналасқан "Артур-1" сауда үйінде шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бекітуге мүмкіндік болмады, үлгермедік. Оны қатты жел ұшырып түсірді. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін ішкі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды сауда орталығының әкімшілігіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 7 шілдеде түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түсіп, 13 автокөлік бүлінсе, опырылған шатырдың астында қалған екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.