Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Магнитудасы - 4,8 балл

Ашық дереккөздерден

9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.

Магнитудасы - 4,8 балл, тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісі сезілмеген.