Көпір құрылысының апатты жағдайда екені анықталды
Алматыда Есентай өзенінің үстінен өтетін көпір кеңейтіліп, жолдың қос тарапына бір жолақтан қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.
Қайта жаңғырту жұмыстарына кіріспестен бұрын, 2022 жылы мамандар бұл арада тексеру жүргізген. Осылайша көпір құрылысының апатты жағдайда екені анықталды.
"Діңгек 15 см-ға майысқан. Көпірде барлығы 96 діңгек бар. Бүгінде оның 27-сі ауыстырылды. Жалпы, қайта жаңғырту жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Қазір төселген қабатты тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін гидрооқшаулағыш қабатқа кіріседі. Одан кейін асфальт төселеді", – дейді Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.