Бір мектептің үш бірдей қызметкері жол апатынан қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр


Абай облысы Үржар ауданы Жанай орта мектебінің үш қызметкері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды qaz365.kz 

Оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші  рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.