Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді

Qaz365.kz редакциясы

Төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан

Фото: Qaz365.kz

Қаңтарда оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот отырысына әкесін кіргізбеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Qaz365.kz редакциясы қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша сот отырысына барған. Алайда сот қызметкері бұл істе мемлекеттік құпия бар екенін түсіндіріп, БАҚ өкілдерін кіргізбеді.
Сондай-ақ Айкөркемнің отбасы мүшелерін де қатыстырмады. Әкесі Айдос Мелдехан мен әпкесі Жанель де процеске жіберілмеді. Олар негізі сотқа шақыру қағазын алған. 
Отырысқа адвокат пен әскерде келісімшарт бойынша қызмет ететін ағасын кіргізді. 

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің №29 бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс кейбір мемлекеттік құпияларды қамтитындықтан, жабық есік жағдайында жүргізілуде. Өкіншіке қарай біз БАҚ өкілдерін кіргізе алмаймыз»,  - деді сот қызметкері Рүстем Мұхтаров.  


Төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз.