Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол өз еркімен қызметінен босатуды сұраған

primeminister.kz

Марат Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі вице-министрдің өз еркімен босату туралы хабарлама жазғанын түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның басында ірі орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында вице-министр Марат Күлдіковтің баяндамасын үзген болатын. Президент уәкiлеттi органдардың оқиғаға қалай әрекет етуiне және олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерiне қатты наразылығын бiлдiрдi.