Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғындардан үйлерінен жолға шықпауды сұрайды

ТЖД

Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі abaiaqparatkz-ке сілтеме жасап.  

“Ауданымыздың інжу-маржаны саналатын Шошқалы көлінің маңайынан өрт шығуына байланысты Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаймыз. Құрметті бесқарағайлықтар, төтенше жағдай кезінде барлықтарыңызды үйлеріңізден жолға шықпауларыңызды сұраймыз”, – делінген Бесқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасында.