ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды

Qaz365.kz редакциясы

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ 20 гектардан асты

ТЖМ

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТМЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
ТЖМ хабарлауынша, 15 шілде күні Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен. Өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары және ТЖМ авиациясы жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ 20 гектардан асты. 

Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнына барды.

Осыған орай Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Төтеншеліктер жергілікті тұрғындарға және от шарпыған аумақта орналасқан "Шошқалы" демалыс аймағының тынығушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға үйден шықпауды, ал тынығушыларға демалыс аймағын тастап шығу қажеттігі айтылуда.