Абай даңғылының тағы бір учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Qaz365.kz редакциясы

Учаскеде көлік қозғалысы 19 шілдеге дейін шектеледі

gov.kz

Алматы қаласындағы Абай даңғылында Байтұрсынұлы көшесінен Есентай өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 17 шілдедегі сағат 23-00-ден 19 шілдедегі сағат 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.

"Жабық учаскені айналып өту Шевченко көшесі, Құрманғазы көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, Сәтбаев көшесі арқылы жүзеге асырылады. Байтұрсынұлы көшесі бойынша көліктің өтпелі қозғалысы қолжетімді болады", – делінген хабарламада.

Шагабутдинов көшесінен оңтүстік бағытта Абай даңғылына өту және Шәріпов көшесіне Абай даңғылынан солтүстік бағытта өту 17 шілде сағат 23-00-ден 19 шілде сағат 06-00-ге дейін шектеледі.