Ақпаратты ҰҚК растады
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мақсұт Исахов 1974 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.
1996-2000 жылдары - ОҚО ІІД Қылмыстық іздестіру басқармасының ішкі істер органдарында қызмет етті.
2000-2005 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының бас кеден басқармасында маман, аға маман, бас маман.
2005 жылдың ақпан-наурызы - Алматы облысы "Достық" кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бас маманы.
2006 жылдың қаңтар-маусым - Алматы облысы "Достық" кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімі басшысы.
2006 жылдың маусым-тамызы - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес департаментінің Тергеу және экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бас маман-тергеушісі.
2006 жылдың тамыз-желтоқсаны – "Астана – Әуежай" кеден бекетінің бас маманы.
2006 жылдың желтоқсанынан – 2007 жылдың қыркүйегіне дейін - "Қарағанды – кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысы.
2008 жылдың ақпан – шілдесі - "Бірлестік" ШҚ басқаушы директоры .
2008 жылдың шілде- қазаны - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ сатып алу және қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары.
2008-2009 жылдары - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ сатып алу және қамтамасыз ету басқармасы басшысы.
2009-2010 жылдары - исполнительный директор по закупкам и снабжению АО "Пассажирские перевозки" АО "НК "Қазақстан темір жолы".
2010-2011 жылдары - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ - " Жаңа импортты алмастыратын өндірісті дамыту орталығы" филиалының директоры.
2011-2012 жылдары – ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары - "Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2013-2018 жылдары – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары – Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.
2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2020 жылдың 7 ақпанынан - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.