Алматыда әйел балаларының көзінше өзіне қол жұмсаған

Qaz365.kz редакциясы

Көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлаған

UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi

Алматыда әйел балаларының көзінше өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыдағы Мамыр шағынауданында өзіне қол жұмсау дерегі болғанын қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады. Мәліметтер бойынша, үш баланың анасы балаларының көз алдында асылып өлген. Жазба авторының айтуынша, көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлаған.

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

"Әуезов ауданы ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б.-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деді полицейлер.