Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Qaz365.kz редакциясы

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді

Фото: Elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.   
Жаңа өзгеріске сай, мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды. 
Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - делінген жаңа редакцияда.
Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.
Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін – республиканың ұлттық қауіпсіздік күштеріне жататын арнаулы мемлекеттік орган.
Ол мемлекет басшысының, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.