Өзімнің де шағымым бар - Бағдат Мусин

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, кейбір орында байланыс сапасы сын көтермейді

gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі байланыс сапасының төмендігіне жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, кейбір орында байланыс сапасы сын көтермейді. 

 “Мен білемін. Менің өзімнің де шағымдарым бар. Кейбір орындарда байланыс сапасы ешқандай сын көтермейді. Бірақ оны зерттесек, неге ол байланыс сапасы сондай, қандай айыппұлдар жазып береміз, осындай бақылау жұмыстарын жүргіземіз ғой. Сондай бақылау жұмыстарын жүргізген кезде келесіде сіздерді де шақырамыз. Әлеуметтік желілерде көбі жазып жатыр «сапасы қайда», «сапасы жоқ» деп. Бірақ ресми шағым келген кезде біз прокоратураға ресми түрде тіркеу жүргізіп, жаңа бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Бақылау жұмыстарының нәтижесінде біз жазамыз: 6 айдың ішінде сапасын көтеру үшін қосымша базалық станция орнату керек. Қосымша базалық станция орнату неге 6 ай-1жыл жүреді? Біріншіден, қай жерге орнатуды келісу үшін. Екіншіден, базалық станцияны сатып алу керек. Ол станцияларды құрастыратын өзіміздің зауыттарымыз жоқ. Шетелдегі алып 2-3 мемлекет қана бар оны сатып жатқан. Оның да бағасы өсіп жатыр”, – дейді министр Бағдат Мусин.