АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді

inbusiness.kz

 Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылында мектеп ғимаратында өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Тыңдау мекенжайы және өтетін орын: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылындағы орта мектептің мәжіліс залы. Күні мен уақыты: 2023 жылғы 22 тамыз сағат 11.00", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді, бірақ кейін шегерілді.

Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 2034 жылы аяқталып, ал 2035 жылы станция пайдалануға беріледі деп күтілуде.