Болат Ақшолақов өз жұмысына "үш" деген баға берді

Qaz365.kz редакциясы

Энергетика министрі президент сынына қатысты пікір білдірді

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің Екібастұздағы жағдайда бейқамдық танытқанын сынады. Журналистер отырыстан кейін энергетика министрі Болат Ақшолақовтан осы мәселеге қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі

"Сын қабылданады. Бірақ бұл бір министрліктің мәселесі емес, өйткені желілер министрлікке қарамайды. Біз генерациялаушы қондырғыларға жауаптымыз. Сәйкесінше орын алған жағдай есепте жазылғанындай, барлығы бір уақытта болған: құрылғылар дұрыс жұмыс істемеген, бұйрықтар дұрыс берілмеген, стансалардың жұмысы бұзылған, жылу желілері тозған, жарылған және тағы да басқа мәселелер.  Бұл кешенді жұмыс, сондықтан комиссия жұмыс істеді", – деді министр.

Журналистер министрден өз жұмысын бес балдық шкалада бағалауды сұрады.

"Өз жұмысымды бес балдық шкалада үш деп бағалаймын. Бірақ бағаны басқа тарап беруі керек", – деді министр.

Сонымен қатар, отставкаға кетуге дайын екенін де айтты.