"Ұлттық қор - балаларға" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде
ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов 2024 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылатынын, ал бұл шоттардың операторы БЖЗҚ болатынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz
Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта "Ұлттық қор - балаларға" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде.
“18 жасқа дейінгі барлық балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат есептелетін болады. Шот операторы "БЖЗҚ" АҚ болады”, - деді Жақсылықов.
Ол барлық жинақталған қаражатты кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалануға болатынын айтты. Одан бөлек, келесі жылы бастаманы іске асыру үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр.