Бір адам көз жұмған болатын
Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков Ақкент шағынауданындағы болған өртке байланысты екі іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазіргі кезде екі жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі өрт қауіпсіздігі, екіншісі адам өлімі. Қазіргі кезде ведомствоаралық жедел комиссия құрылды. Одан бөлек, техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің себебі нақтыланды. Адамдар қорыққаннан терезеден секіре бастағаны рас. Өйткені өрт сатысы жабық болған», – дейді Ерлан Әлібеков.
Айта кетейік, кеше Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. Қайтыс болған әйелдің есімі – Әсел. Ол 31 жаста.