FlyArystan-ның халықаралық рейстеріне енді әуежайда тіркелу ақылы болады

Qaz365.kz редакциясы

Онлайн тіркелу тегін

Kapital.kz

FlyArystan-ның халықаралық рейстеріне енді әуежайда тіркелу ақылы болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әуе компанияның ресми сайты хабарлады.

"2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу ашылды. Бонустық кезең ішінде бір ай бойы халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу тегін болды. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады”, – делінген хабарламада.

Әуежайда тіркелу қызметін алдын ала онлайн сатып алу – ішкі рейстерге 500 теңге, халықаралық рейстерге 5 000 теңге(10 еуро).

Мұны билетті брондаған кезде немесе билетті брондағаннан кейін "+Жүк, орын, тағам" бөлімі арқылы немесе FlyArystan мобильді қосымшада "Менің сапарларым" арқылы алдын ала сатып алуға болады.

Әуежайда тіркелу қызметін iJan терминалда сатып алу – 1000 теңге. 

"Ұшып шығу алдындағы төлеммен әуежай бағанасында тіркелу – ішкі рейстерге 1000 теңге, халықаралық рейстерге 10 000 теңге (20 еуро). Онлайн тіркелу – тегін. Отырғызу талонын басып шығару – тегін. Брондалған жолжүкті тіркеу – тегін. Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек .iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерде ғана қолжетімді”, – делінген мәліметте.