СІМ Аланияда қаза тапқан қазақстандықтың денесі қашан елге жеткізілетінін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді

ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.