ТЖМ мәлімдеді
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 300 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатқанын жазған едік.