Ресей азаматы вокзалда 6 мың долларын жоғалтты

Qaz365.kz редакциясы

Ақшадан бөлек, құны 400 мың теңгеге жуық екі ноутбук пен алтын бұйымдар болған

Ресей азаматы Александр Масленников Астана-1 теміржол вокзалында 6 мың доллары бар рюкзагынан жоғалтып, көлік полицейлеріне көмекке жүгінді деп хабарлайды qaz365.kz
Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі 37 жастағы ресейлік 2022 жылдың 11 желтоқсанында "102" пультіне бағалы заттар мен ақша қаражаттарымен рюкзак іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдіргенін айтты.

"Ер адам сағат 20:15 шамасында Астана-1 теміржол вокзалында  жұбайымен бірге Алматыға бара жатқан кезде вокзалға кіре берісте тексеруден өтіп бара жатып асығыс қол жүгін ұмытып, жоғалтқанын айтты. Рюкзактың жоғалғанын жолда болған кезде ғана байқаған", - деді ведомстводан.


Оның айтуынша, ақшадан басқа жасыл түсті рюкзакта құны 400 мың теңгеге жуық екі ноутбук пен алтын бұйымдар болған.