Шымкентте кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 46 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Qaz365.kz редакциясы

Жалпы ауданы 77 гектарды құрайды

oblzem.com

Шымкентте кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастыруда. Жуырда тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд. теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.