«Комада, жағдайы өте ауыр»: Министр Қарағандыда уланған екі бала жайлы

Qaz365.kz редакциясы

Алты баланың бәрі жансақтау бөлімінде жатыр

t.me/DenMinPR

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына түскен 14 баланың бүгінде алтауы ауруханада жатқанын мәлім етті. Оның сөзінше, алты баланың бәрі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Төртеуінің жағдайы ауыр. Қалған екі баланың жағдайы неврологиялық тапшылық, интоксикация синдромы және тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты өте ауыр”, – деді министр.

Оның сөзінше, осы оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл түрде республикалық жетекші балалар мамандарын жұмылдырған. Балаларға интенсивті терапия көрсетіліп, республикалық және облыстық деңгейдегі білікті мамандардың кеңейтілген кеңестері ұйымдастырылған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы іс-шаралар мен тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Бізден басқа полиция тексеріп, сот-медициналық сараптама жүргізуде. Екі балада комада жатыр. Түскеннен бері жағдайлары өте ауыр. Барлық дәрігерлер әсіресе, республикалық деңгейдегі дәрігерлер күн сайын қарап, балаларға көмектесіп жатыр», - дейді Ажар Ғиният.