Ол ауруханада көз жұмды
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 маусым күні түскі сағат 13.35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр халде түскен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу егілді.
"Жансақтау бөлімінде науқасқа клиникалық хаттамаға сай ем-дом толық жасалды. Бірақ, интенсивті реанимациялық комектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан, 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.