Яндекс таксиге бәсекелес болатын “Қайырымды жан” онлайн такси сервисі өзінің жұмысын 17 желтоқсан күні бастағалы отыр
Қазақстанда «Қайырымды жан» отандық такси платформасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін өткен халықтық жобаны таныстыру пресс-конференциясында айтылды, деп хабарлайды qaz365.kz
Яндекс таксиге бәсекелес болатын “Қайырымды жан” онлайн такси сервисі өзінің жұмысын 17 желтоқсан күні бастағалы отыр. Алты аймақты қамтып отырған отандық таксидің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда тек балалар және әйел азаматтарына жекелей қызмет көрсететін бөлімін таңдау мүмкіндігі болады.
Такси қызметі өзінің бәсекелесіне қарағанда жүру құны арзан және тұрақты болмақ. Жүргізушілерге зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және салықтық төлемдерді аударып отыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Такси қызметін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қаласының тұрғындары пайдалана алады. Ол үшін ұялы телефоныңызға «Қайырымды жан» мобилді қосымшасын көшіріп алу керек. Ал жүргізушілер «Қайырымды такси» платформасына тіркеледі.
“Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарға арналған. Жұмысқа алынатын жүргізушілердің жасы мен көлік жүргізу өтілі маңызды. Денсаулығы бойынша және істі болмағаны жөнінде анықтама құжат өткізу міндеттелген”, — дейді компания басшылығы.
Сондай-ақ, жолаушы таксиде келеңсіз жағдай орнаса қосымша ішіндегі “техникалық қолдау” батырмасын басып бірден телефон шала алады.