Бір аптада айлық жоспардың 27%-ы тасымалданды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тамыз айында Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында Қазақстан Республикасы бойынша АИ-95 тасымалдау жоспары 369,7 мың тоннаны құрайды. Тамыз айының 7 күнінде 102,6 мың тонна немесе айлық жоспардың 27 пайызы тасымалданды.
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында бензинді тиеу жоспары:
Индустрия министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан жүк тасымалдауға арналған барлық өтінімдерге 100% кепілдік беріледі деп сендірді.
"Бүгінгі таңда Қазақстанның магистральдық жол желісінде бензин құйылған 1047 цистерна қозғалыста болса, оның 341-і АИ-95 жанармайы бар цистерна. Барлық мұнай өнімдері диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен қозғалады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі жанармай құю бекеттеріндегі жанармай тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын. Ведомство елдегі жанар-жағармай өндірісі бойынша жағдай тұрақты, бірақ жанар-жағармай құю бекеттерінде уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін түсіндірді. Олардың пікірінше, ықтимал тапшылық темір жолдар мен автомобиль жолдарындағы логистикадағы қиындықтармен байланысты болуы мүмкін.