Аланияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандықтардың туысы айтып берді

haberglobal.com.tr

30 шілдеде Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшыраған еді. Автобуста 12 отандасымыз болған. Соның ішінде 4 адам – апалы-сіңілі екі отбасы күйеулерімен бірге демалуға барған. Оның бірі –  Айгүл Саллахадин қаза тапты. Ал ата-анасы мен жездесінің жағдайы жайлы Дана Qaz365.kz тілшісіне айтып берді.

Дана 3 тамыз күні әкесі мен шешесінің жеке клиникада, ал жездесінің мемлекеттік ауруханада жатқанын, хирург болмай, оған ота жасамай жатқанын айтқан болатын. Ал қазір жеке клиникаға ауыстырып, жағына ота жасағанын агенттік тілшісіне хабарлады.

“Қазір ата-анамның жағдайы жақсы. Ал жездемді мемлекеттік ауруханадан жеке клиникаға ауыстырды. Жағына ота жасады. Жағдайы жақсы”, – деді Дана.

Айта кетейік, 30 шілдеде қазақстандық туристер мінген экскурсиялық автобус Түркияның Алания қаласында жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты Окурджалар кентінің маңында болған. Бастапқыда 12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр екені айтылған. Одан бері екі азамат қайтыс болып кетті. Олардың мәйіті елге жеткізілді. Жақында СІМ 4 қазақстандық турист жергілікті ауруханада емін жалғастырып жатқанын мәлімдеді