«Қазақтар құлдықта ұстап отыр». Өзбекстан азаматы отандастарынан жылап көмек сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде видеосы тарады

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде өзбек азаматының Қазақстанда құлдықта жүргенін айтып, отандастарынан көмек сұраған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мирболат Мырзатайұлы есімді Facebook желісінің қолданушысы «Жамбыл облысы, Түймекент кенті, Сарыкемер ауылындағы кірпіш зауытында өзбектер құлдықта жүр» деп жазған.

«Өзбекстан халқы, міне, ұрып басымды жарды. Күшпен жұмыс істетіп жатыр», - дейді видео өзбек жігіті.

Бұл жағдайға байланысты Жамбыл облысы Полиция департаменті пікір білдірді.

«Бұл азамат осы жылдың шілде айында Байзақ ауданындағы кірпіш зауытына жұмысқа орналасқан. Тексеру барысында бетінде, денесінде ешбір жарақат белгілері табылған жоқ. Ер адамның айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында ішімдік ішу кезінде абайсызда жарақат алған және бейнежазбаны Өзбекстанда тұратын досына «WhatsApp» мессенджері арқылы жіберген», – делінген полиция мәліметінде.

Баспасөз қызметінің ақпаратында азаматқа қатысты ұрып-соғу және еңбекке мәжбүрлеу дерегі анықталмаған.

«Видео түсірілген уақытта өзбек жігіт мас болған. Ол ешкімнен қысым көрген жоқ», - делінген хабарламада.