БҚО-да визасыз жүрген Үндістан азаматтары ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды

polisia.kz

БҚО-да визасыз жүрген Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады.

Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды.

8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды.

Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды.